"Үлкен ел- үлкен отбасы" жобасының шеңберінде Екібастұз өңірінің ішкі туризмін дамыту бойынша туристік маршруттар әзірленді. Екібастұз өңірінің киелі жерлері анықталды, олардың арасында қалалық мешіт, Иверск-Серафим шіркеуі, Исабек Ишан кесенесі, Әулиекөл көлі және Өлеңті жазбалары бар.
Ақкөл-Жайылмада жастар ұйымдарының және этно-мәдени бірлестіктердің белсенділері экскурсиялар жүргізді, онда жастарға Ақкөл- Жайылманың этнографиялық-археологиялық кешені көрсетілді.
Қылдыкөл табиғи шекарасында Павлодар облысының бірінші ислам миссионерлері Исабек Ишан Хазіреттің, философ, ағартушы, діни оқытушы және тәрбиеші Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, сонымен қатар Жандарбек Қожаның ұрпақтарының зираттары орналасқан. Үш шатырлы кесенеде Исабек ишан Хазірет, оның ұлы Нұрмұхамед және ағасы Мұхаммед Нияз жатыр. Бір шатырлы кесене Исабек ишанның ұрпағы қасиетті Жандарбек қожаның жатқан жерінде көтерілді.
Халықаралық ескерткіштер және тарихи орындар күнінде қатысушыларға арналып, тарихи- мәдени мұра объектілеріне жаяу экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия маршрутының ішіне Екібастұздағы тас көмір орнын алғаш ашқан Қосым Пішенбаевтың, Екібастұз көмір алабының комиссары Степан Ионович Царевтың ескерткіштеріне, болашақ қаланың бірінші іргетасы қаланған бұрынғы кеншілер МҮ қазіргі "Аққу клуб" кірді.
Өңір мектептерінде 27 мұражай бар, олар қазіргі таңда жұмыс атқаруда және онда өлкетану сабақтары өтеді.
87 қадам. Аазматтық біртектілікті нығайтудың "Менің елім" ұлттық жоспарын жүзеге асыру.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында сапаржай алаңында қазақ ақыны, ойшыл, тарихшы, этнограф, шығыстанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевке ескерткіш ашылды.
Қаланың мерейтойына байланысты "Хронограф Экибастуза.1957-2017" кітабының тұсауы кесілді және "Первый художник Экибастуза" каталогы жарық көрді.
"Үлгілі тұрғын үй", "Ұйымшыл аула", "Таза кірешек" конкурстары ұйымдастырылып өткізілді. Конкурстардың нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.
Орталық қалалық кітапханада әнші Роза Бағланованың 95 жас мерейтойына орай "Әлемді әнмен тебіренткен" әдеби-музыкалық кеш өтті, сондай- ақ, халық қолөнер шебері Перизат Үтебеава "Өнер- халық мәдениетінің іргетасы" атты шеберлік сабағын өткізді.
"Музейге сый тарту" акциясының аясында есептік кезеңде мұражай қоры 50 экспонатқа толықты, оның ішінде 45-і негізгі қорға кірді. 149 шолу экскурсия, 80 лекция, 11 көрме, оның ішінде 5-уі жылжымалы көрме, 42 іс -шара өтті. Мұражайға келушілердің саны 9433 адамға жетті. Қалалық мұражайда "Посуда в фондах музея" және "Музей қорындағы археология негізін қалаушы Әлкей Хақанұлы Марғұланның жеке заттар топтамасы" атты 2 жұмыс каталогы әзірленген. Екібастұз өңірінің тұрғындары осы қаладағы, облыстағы ғана емес бүкіл еліміздегі дарынды жерлестеріне ерекше жылы көзқараспен қарайды. Осындай дарынды тұлғалардың бірі- халық қолөнер шебері Зылиха Төлегенова. Оның қолынан шыққан өнер туындылары көздің жауын аларлықтай ерекше әдемі. Зылиха Төлегенованың "Паш еткен қазақтың төл туындысын" атты кезекті көрмесі Астана қаласындағы Павлодар облысының мәдениет Күнінде өткізілді. Ақын, журналист және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Жұмағали Қоғабаевтің "Туған елге тағзым" атты шығармашылық кеші, сонымен қатар атақты жазушы және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Сайлау Байбосынның "Өмірге деген өкпемді- өлеңге барып айтамын" атты поэзия кеші өтті. Поэзия кешінде ақынның үш кітабінің тұсаукесері болды.
Қоғам және мемлекеттік қайраткер, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Д.Ә. Қонаевтың 105- жылдығына орай "О моем времени" атты портрет-кеш өтті.
2017 жылдың 12-13 тамызында Павлодар облысында "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" фестивалінің мәдени-спорттық, діни-ағартушылық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Онда Екібастұз қаласынан 10 киіз үй, он метрлік домбыра , гүлден жасалған жігіт пен қыз бейнелері орнатылды.
Мемлекеттік жастар саясаты Концепциясын орындау бойынша іс-шаралар Жоспарын іске асыру мақсатында жастардың бос уақытын ұйымдастыру, олардың отан сүйгіштіктерін, құқылық мәдениетін және діни құндылықтарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 7 мыңнан аса жастарды қамтитын 89 түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс шаралар арасында Ауғанстаннан қазақ жауынгерлерін шығару Күніне және отан Қорғаушылар Күніне орай қалалық митингтер, "Мемлекет. Символ. Патриот" патриоттық форумдар және акиялар мен флешмобтар ұйымдастырылды.
Қала әкімдігінің кіші залында "Ғылым қоры" АҚ үйлестірушісі Г.З. Кажкеновамен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау жобаларын грантпен қаржыландыру конкурсы жайлы кездесу өтті. Кездесуге 50 шақты адам қатысты, оның ішінде КОБ өкілдері, Қ.Сәтпаев атындағы ЕИТИ өкілдері және жастар болды. Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Жас толқын Павлодар" ҚҚ-да 35 адамның қатысуымен жастардың кәсіби бағдары тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Екібастұз қаласында жыл сайын жаз мезгілінде студенттік жастардың еңбек жасағы ( бұдан әрі- СЖЕЖ) құрылады. Ағымдағы жылы СЖЕЖ-ны 250 адам 4 бағыт бойынша қамтылды: медициналық, құрылыстық, экологиялық және жыл бойғы.
Осы мақсаттар үшін ағымдағы жылы "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберінде және көріктендіру жұмысына стендттік жастарды қатыстыру үшін қалалық бюджеттен 4 млн. 922 мың теңге (2016 жылы-4,6 млн теңге) бөлінді. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс бағдарламаның аясында кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаржыларының есебінен "Озеленение Плюс" ЖШС-не, "Флора" ШҚ-на, "Эстетик-Экибастуз" ЖШС -не және "Кулаков" ЖК-не студенттер жұмысқа орналастырылды.
Қалалық бюджет есебінен жүргізілетін төлемақы толық берілді. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қаланы көріктендіру үшін құрамы 25 адамнан тұратын "Жасыл ел" жыл бойғы студенттік жастардың еңбек жасағының жұмысы басталып кетті.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыруда дебаттық турнур, КТА, еріктілердің, формалды (воркаутерлер, рэперлер, брейкерлер) емес жастар ағымының шеңберіндегі жобалар тиімді және қызықты болып табылады. Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде "Арбат" атты жастар шығармашылығының фестивалі өтті. Онда көк аспан астында шығармашылық, спорттық алаңдар және көрмелер қойылды. Фестивальдің жабылуы ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтеді.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстардың жаңалық топтамаларында және әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен таратылады.