
Ұлы Отан соғысының қатысушысы Октябрина Илларионовна
1924 жылдың 4 қарашасында Курск облысы, Поныри ст. дүниеге келген.
1939 жылы отбасымен Қиыр Шығысқа көшіп келді. Жеделдетілген медбике курсын және жас жауынгер курсын аяқтаған он сегіз жастағы қыз 1942 жылы санитарлық батальонмен майданға шақырылған. 1943 жылдан бастап әскери қызметін Тынық мұхит флотының 138-ші жеке артиллерия дивизиясы Ұлы Петр шығанағы, Береговой қорғанысының, Бухты, Витязь және мыс Шульцада өтеді. Курск, Николаев, Владивосток, Краскино, бухта Посьет, Сейсан порты, Райсан және Юки қалаларында әскери әрекеттерге қатысты. Соғысты Жапонияда пулеметшілер және артеллеристер батальонының құрамында аяқтады.
Еңбек жолының мәліметтері:
Еңбек қызметін соғыс аяқталған соң 1945 жылы бастады. 1952-1953 жылдары Удмуртиядағы, Водкинск қаласында кірпіш зауытында жұмыс істеді. 1955 жылы Перм облысы, Фокинский совхозында орман шаруашылығында жұмысын жалғастырды. 1956 жылы Татарстанға қоныс аударды.
1961-1969 жылдар аралығында Докучаевский совхозында завхоз (ӘШБ) болып жұмыс істеді.
1979 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары: «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Жапонияны женгені үшін» медальі, 1941-1945 жж. «Соғыс ардагері» белгісі, «Маршал Жуков», «Адмирал Кузнецов», медалі,мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы. Еңбек марапаттары:
«Ерен Еңбегі үшін» медальі, «Еңбек ардагері» медальі, «Қала алдындағы қызметі үшін» медальі, Солтүстік Қазақстан облысының дамуына үлкен еңбек қосқаны үшін осы облыстың Алтын кітабына енгізілді.
Отбасы жайлы мәлімет:1946 жылы тұрмысқа шықты, екі қыз тәрбиеледі, екі немересі бар. 1969 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Екібастұз қаласында тұрады.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мария Степановна 1923 жылы Алтай өңірінде дүниеге келді. 1942 жылы, 19 жасында майданға кетті. Шығыс майданының 20-шы әскер 312-ші атқыштар дивизисының құрамында соғысқан. Ржев маңындағы шайқастарда жарақат алды. Ауруханадан кейін қайтадан өз бөліміне қайтып келді, бөлімшенің командирі болып тағайындалды. 1945 жылдың қазан айында кіші сержант атағымен әскерден қайтарылды және үйіне оралды.
Еңбек жолы туралы мәлімет:
Алтай өлкесі, Панкрут ауданы, Романс ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеді. 1946 жылы тұрмысқа шықты және Киев қаласына кетіп қалды. Әскери бөлімде қоймашы болып жұмыс істеді. 1964 жылы Қазақстанға көшіп келді, Майқаыңалтынбұлағында көлікке май құюшы ретінде жұмыс істеді. 1967 жылы «Ертіс-Қарағанды» каналының құрылуына қатысты. Автоколонна жабдықтаушысы болып жұмыс істеді. 1975 жылы зейнетке шықты.
1978 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
«І дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «КСРО Маршал Г.К Жуков» медальдары, «1941-1945жж. Соғыс ардагері» белгісі, мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы.
Отбасы туралы деректер:
Үш бала тәрбиеледі: Ұлдары- Генадий Алексеевич Смирнов және Юрий Алексеевич Смирнов Шидерты кентінде тұрады, қызы Людмила Алексеевна Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Гуково-10 қаласында тұрады.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Зейнолла Сүлеев Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақкөл ауылында 1925 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келді.
7 сыныптық бастауыш білім алды. Есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы әскерге шақырылды. Украин майданындағы бірінші атқыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың тамызында Жапон соғысына қатысты. 1948 жылдың сәуір айының соңында әскерден қайтарылды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Ақкөл орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. 1951 жылы аудандық білім бөлімінің бағыты бойынша Павлодар педагогикалық училищесіне сырттай оқу бөліміне түсті. 1954 жылы 4 жылдық курсты аяқтады және мұғалім дипломын алды. Содан кейін үзіліссіз мұғалім болып жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде. Марапаттары:
«ІІ дәрежелі Отан соғысы»ордені, «Украинаны босатқаны үшін», «КСРО Маршал Г.К Жуков», мерейтойлық медальдары, қаланың Құрметті азаматы .
Отбасы туралы деректер:
9 бала, 12 – немере және 4 – шөбере тәрбиелеген. Қазіргі уақытта қызымен тұрады.