Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Шешімнің бұл жобасы  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы  25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2)-тармақшаларына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарды  талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталының https://legalacts.egov.kz ашық НҚА бөлімінде,  жергілікті газет беттерінде: "Отарқа" (2020 жылғы 30 шілдедегі № 30), "Голос Экибастуза" (2020 жылғы 30 шілдедегі  № 30), сондай-ақ "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ ресми сайттарында жарияланды.

Дата публикации
17 сентября 2020