1. Нормативтік-құқықтық база
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады.
2. СТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауаптылар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- СТІТ) жүргізу үшін бөлім басшысы З. Ә. Мұхаметжанова 22.05.2023 жылы № 6-02/15 бұйрық шығарды.
СТІТ жүргізуге жауапты болып бөлімнің бас маманы А. Б. Тлеуова анықталды.
3. Есептік кезең
Алдыңғы СТІТ 2022 жылы өткізілді.
Ағымдағы СТІТ 2022 жылғы маусым - 2023 жылғы мамыр аралығында өткізіледі.
СТІТ жүргізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
1: қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Есепті кезеңде бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлімнің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде 12 құжат қаралды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдер өткізілмеді, бөлімде бос жұмыс орындары жоқ.
2023 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жағдай бойынша ішкі саясат бөлімінде штат саны 3 адамды құрайды. 2022 жылы 1 бас маманға (Бухгалтерлік жұмыс бойынша) қысқартылды.
Бөлімнің құрылымы бойынша ведомстволық бағынысты мекеме бар:
Штат саны 12,5 адам болатын "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ.
Конкурстық процедуралар.
Мемлекеттік қызметке қабылдау/жұмыстан шығарудың, тәртіптік жаза қолданудың және алып тастаудың барлық конкурстық рәсімдерін Екібастұз қаласы әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.
4: Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ішкі саясат бөлімінің жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болуына, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), жақын туыстарының, жұбайлары мен тумаластарының бірлескен жұмысына, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
5: Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
6: Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөліммен және бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
7: Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім қызметкерлерінің рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.
8: Бюджет және ақшалай қаражатты игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ақшалай қаражатты игеру және енгізу ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 393 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Бюджет қаражатын бөлу ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қаржыландыру қаражатын игеру толық көлемде жүргізіледі.
9: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың өзгеруіне сәйкес мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға бөлінген негізгі қаражатты ағымдағы жылы ақпараттық саясат бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – «Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырды.
9: Жеке және заңды тұлғалармен Шарт жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Шарттар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу негізінде жасалады, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталады.
10: Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және беру процесі үшін техникалық база және ақпараттық жүйелерге арналған құрал болып табылатын мамандандырылған бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданылады.
Жұмыста бұзушылықтар тіркелген жоқ.
11: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жұмыс тобы:
Жұмыс тобының жетекшісі А. Тлеуова
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі»
ММ-нің статистигі К. Бисембаева
«Жастар бастамаларын дамыту
орталығы» КММ директоры М. Карагасекова