Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 487/63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Бұл шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде әзірленді.
Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14824959, «Отарқа» (2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 49), «Голос Экибастуза» (2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 49) жергілікті газет беттерінде, сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігінің және «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-нің ресми сайттарында орналастырылды.

Дата публикации
11 декабря 2023