08.9.456 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ 2020-2022 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

08.9.456 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ

 2020-2022 жылдарға арналған

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

бюджеттік бағдарлама әкімгерінің коды және атауы

 

Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы 08.9.456.001 «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік  саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

 

Бюджеттік бағдарлама басшысы: З.Ә. Мұхаметжанова, ішкі саясат бөлімінің басшысы

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2008 жылгы 4 желтоқсандағы  №95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35-бабы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығы;

Бюждеттік бағдарлама нысаны:

мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты

Қала бюджетінің қалалық құрамында бекітілген

мазмұнына байланысты

Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

жүзеге асыру әдісіне байланысты

Жеке

ағымдық/дамуы

Ағымдық

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ету.

Бюджеттік бағдарламаның міндеті (соңғы нәтиже): Мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі республикалық, облыстық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметтерін үйлестіру.

- Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу.

- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Екібастұз қаласының ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттер барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және бөлімнің қызметін қамтамасыз ету.

Дата публикации
02 августа 2020