Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын белгілеу туралы

Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың  азаматтардың құқықтары мен  заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

шешімге қосымша

Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1. Екібастұз қаласының аумағында жиналыстар, митингілер және пикеттер түрінде жария іс-шараларды өткізу орны болып келесі арнайы орындар белгіленсін:
1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы;
2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист- жауынгерлер сквері.
Демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін келесі маршрут белгіленсін: Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша (С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін) және Мұхтар Әуезов көшесі бойынша (Естай Беркімбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін).
2. Осы шешіммен айқындалған бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
3. Екібастұз қаласында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы үшін – екі жүз елу адам;
2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан жауынгер- интернационалистер гүлзары үшін – екі жүз елу адам.
Демонстрациялар және шерулер түрінде бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормалары әрбір маршрут үшін екі жүз елу адамды құрайды.
4. Жоғарыда көрсетілген арнайы орындар материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) көше жарығының болуы;
2) бейнебақылау  камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тәртіпті қорғау, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және басқа адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарының, медициналық және өртке қарсы қызметтер  қызметкерлерінің кезекшілігін қамтамасыз етеді.      
Аудиовизуалды техниканы, көрнекі үгіт құралдарын, көлік құралдарын  пайдалану жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
5. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Заңның 9-бабының 5-тармағында көрсетілген орындардан 400 метр қашықтықта белгіленсін. 

Дата публикации
30 июля 2020