«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

ЖОБА

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

ҚАУЛЫ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы  Ереже бекітілсін.

  1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 618/7 қаулысы жойылсын.
  2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласының

     әкімі                                                     А. Қаңтарбаев

Дата публикации
01 июня 2022