«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (2021 жылғы 2 тоқсан)

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
(2021 жылғы 2 тоқсан)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі: «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес бөлімнің жұмыс тобымен жүргізілді.
Жұмыс тобының құрамына: Тлеуова А.Б. - жұмыс тобының жетекшісі, Рамазанова А.Т. - бөлімнің бас маманы, Туребаев Н.С. - «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры және Карагасекова М. Г. – «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: а. ж. 14 шілде мен 20 шілде аралығында.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімшенің ұйымдастырушылық басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Штаттық кестеге сәйкес ішкі саясат бөлімінде 5 қызметкер жұмыс істейді.
Көрсетілген кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар жоқ.
Бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді. Бөлім қызметкерлерінің рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.
Мемлекеттік сатып алу ҚР заңнамасына сәйкес ұйымдастырылды.
Талданып отырған кезеңде тексерулер жүргізілген жоқ.
Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.
Сот актілері түскен жоқ.
Бөлім қызметкерлері арасында туыстық байланыс және қарым-қатынас жоқ. Мүдделер қақтығысы байқалмайды.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Бөлімнің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімі бар, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және т.б. орналастырылған. Сонымен қатар бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық актілер бар стенд орнатылған.
Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жастар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем бейнероликтер конкурсы ұйымдастырылды, оған 20-дан астам конкурстық жұмыстар қатысты.
Байқаудың жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, қатысушыларға "Үздік сюжет", "Бейнероликтің бірегейлігі" номинациялары берілді. Үздік бейнематериалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша медиа жоспар әзірленді. Оған сәйкес есепті кезеңде ауылдық округ әкімдерінің, АХАЖ, ТҮКШ, мәдениет, ауыл шаруашылығы және т.б. бөлімдер басшыларының сөз сөйлеулері ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу мәселелері бойынша әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіледі. Екінші тоқсанда әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-та осы тақырып бойынша 50-ден астам мақалалар, бейнероликтер, жарияланымдар мен постылар орналастырылды.
Қалалық газеттерде келесі мақалалар жарияланды: «Отарқа» газетінде - «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем», «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қарсы әрекет етуге бағытталған қабылданатын шаралар туралы ақпарат»; «Голос Экибастуза» газетінде - «О принимаемых мерах, направленных на профилактику и противодействие коррупции», «Обязанность каждого гражданина» және т.б.
golos_ekibastuza, ekibastuz_life, ekibastuz_today, ekibastuz_aqparat және т.б. әлеуметтік желілерде: «Антикоррупционной службой по Алматинской области пресечена коррупционная деятельность членов мониторинговой группы, являющихся должностными лицами отдела предпринимательства акимата г.Талдыкорган», «Сделать процедуру проще и прозрачнее» посттары жарияланды.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Нұр-Екібастұз» Youtube арнасында, сондай-ақ жергілікті Instagram аккаунттарында (golos_ekibastuza, ekibastuz_otarqa, ekibastuz_life және т. б.) «Шарасыздық торы», Қазақстандық парақордың» эволюциясы», «Бала анасынан: «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деп сұрады».
Жоғарыда аталған тақырып бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында қаланың орталық көшелерінде 6 билборд («Пайда ойлама, ар ойла», «Оңай олжа – оңалтпас», сенім телефоны және т.б.) орнатылды.
Көрсетілген кезеңде бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын бұзу фактілері байқалмайды.
Сенім телефонына Бөлімнің құзыреті бойынша шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Осылайша, жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсынылған: бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастыру.


Жұмыс тобы:
Жұмыс тобының жетекшісі А. Тлеуова

Ішкі саясат бөлімінінің
бас маманы А. Рамазанова


«Конфессияаралық
қарым-қатынастарды
талдау және дамыту орталығы»
КММ директоры Н. Төребаев

«Жастар бастамаларын
дамыту орталығы» КММ
директоры М. Қарагасекова

 

Дата публикации
21 июля 2021