Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» №487/63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Осы жоба Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоғарыда көрсетілген Екібастұз қалалық мәслихаты шешімінің жобасына өзгеріс енгізу 1-қосымшаның 1-тармағындағы «пикеттеу» сөзін алып тастау үшін қабылданды.
Осы шешімнің жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
25 февраля 2021