Екібастұз қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 508/6 «Екібастұз қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Дата публикации
19 сентября 2025