Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы №17, 2025 жылғы 29 тамыздағы № 336 бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жоғарыда көрсетілген Үлгілік қағидалардың негізінде Қазақстан Республикасының «тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес жаңа редакцияда НҚА жобасымен Екібастұз қаласында коммуналдық қызметтер көрсету қағидалары бекітіледі.
Сондай-ақ, НҚА жобасымен Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы Екібастұз қаласында бұрын қабылданған коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы №508/6 қаулысы жойылады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жоба «Электрондық үкімет» порталында «ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.