Екібастұз қаласындағы жекелеген санаттағы тұлғалардың қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

ЖОБА
 
Екібастұз қаласындағы жекелеген санаттағы тұлғалардың 
қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен 
жол жүруі туралы
 
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы – саяжай» қатынасындағы маршрутты қоспағанда қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру ақысының 50%-ы мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғаларды үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
2. Әлеуметтік көлік картасы және жеңілдікке құқықты растайтын құжаты болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының келесі санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы кажырлы еңбегі мен мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының  ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
5) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан 1949 жылдан 1990 жылға дейін радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын азаматтар; 
6) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
      7) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;
9) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру үйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
10) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;
11) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің пробация қызметінің қызметкерлеріне.
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы-саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғалары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен № 328/4 қаулысының және № 31/4 шешімінің (Нормативтiк-құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
6. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 292/4 бірлескен қаулысы мен Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 116/18 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» шешімінің және Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы  азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27929 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Дата публикации
13 августа 2025