Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» №377 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15565296
Екібастұз қалалық мәслихатының
2025 жылғы «___» ____№ _____
шешіміне қосымша
Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
|
Атауы |
Есептік бірлік |
Қызметтердің құны (қосылған құн салығынсыз) теңге |
|
Жайлы үйлер |
айына 1 тұрғыннан |
549,91 |
|
Жайлы емес үйлер |
айына 1 тұрғыннан |
564,01 |
|
Бір бірлік үшін (көлеміне) жылдық тариф |
1 м3 |
3 384,06 |