Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 28/4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Екібастұз қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 28/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7351-14 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
01 августа 2025