Екібастұз қаласы 12.12.2024 жыл
Қатысқандар: көрсетілетін қызметті алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар.
Барлығы – 19 адам
Күн тәртіінде:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы есебі. ___________________________________________________________________
(А.М. Ахметов)
Бөлім мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді («Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру»; «облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу»; «ауданаралық (облысішілік қалааралық) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау), ауданішілік, қалалық (селолық)және қала маңындағы қатынастарды бекіту»; «тұрақты қалалық (селолық) бағыттар мен қозғалыс кестесін бекіту, жолаушылар мен багажды қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау»; «ағаштарды кесуге рұқсат беру»).
2023 жылдың кезеңінде ТҮКШ бөлімі 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді,бас тарту -6.
ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған. ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.
ТҮКШ бөлімінде Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді тұрақты бақылауда ұстау ұсынылады.
Есепті талқылау.
Ұсыныс:
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес тәртіп пен мерзімдерді сақтау.
Хаттаманы жүргізген: К. Омарова
баяндамашы: А.Ахметов