Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі «Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгілеу туралы» № 559/7 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7373-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:
Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде– 100 (жүз) теңге, жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде –200 (екі жүз) теңге.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.