Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы» туралы Заңының 6-бабына,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, ҚР қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы№ 487/6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде мына мекенжай бойынша орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14929473.