Екібастұз қ. 02.03.2022 жыл
Қатысқандар: қызметті алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар.
Барлығы – 20 адам.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы есебі.
Баяндамашы: құқықтық жұмыстар жөніндегі бас маман – Д.Н.Қайрбай
Есепті талқылау.
1) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру»;
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу»;
3) «Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау»;
4) «Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту»;
2021 жылғы кезеңде ТҮКШ бөлімі 11 мемлекеттік қызмет көрсетті.
ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағым жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін орналастыру арқылы ұсынылады.
ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес барлық мерзімдер сақталады.
ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуді тұрақты бақылауда ұстау ұсынылады.
Хаттама жүргізген: Қ. Омарова
Баяндамашы: Д. Қайрбай