Жоба. Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Жоба

Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31- бабының 2 -тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін:
электрондық жол жүру картасы арқылы не электрондық төлемнің қосымша сервистерін пайдалана отырып қолма – қол ақшасыз төлеу кезінде– 80 (сексен) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 130 (жүз отыз) теңге.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 234/4 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 7264 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
25 августа 2022