Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «___» ________ №_______
қаулысымен бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-бөлім. Жалпы ережелер
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-бөлім. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
1) Екібастұз қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
3) қалалық деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорын, қаланың коммуникацияларын сақтау;
5) заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үйлердегі инженерлік коммуникациялардың жарамды жай-күйін және олардың пайдалануға, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады;
6) инженерлік инфрақұрылым және коммуналдық тұрғын үй қоры объектілерін жөндеу;
7) қаланың заманауи бейнесін жасау, көгалдандыру және көркейту;
8) жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
9) автомобиль жолдарын сақтау, қолдау және олардың жай-күйін жақсарту болып табылады.
1) құқықтары:
мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;
талап қою және соттарда дербес және өкіл арқылы мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша талап қоюшы, жауапкер, куә ретінде сөз сөйлеу;
облыстық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды облыстық мемлекеттік органдарға енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
заңнамада белгіленген тәртіппен салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауап беру;
мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) заңнамаға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) тұрғын үй-коммуналдық саладағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтерін қарауға қатысу;
3)коммуналдық меншіктегі қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорының және инженерлік коммуникацияларының сақталуын ұйымдастыру, олардың ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жасау;
4) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
5) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
6) қаланы абаттандыру және көгалдандыру;
7) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
8) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
9) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін жөндеу;
10) қалада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
11) конкурста жеңіп шыққан мердігер ұйымдардың жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдау;
12) жолаушылар мен багажды қоғамдық көлікпен қалалық тасымалдауды ұйымдастыру және реттеу және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
13) тұрғын үй-коммуналдық және өндірістік салаларды дамыту және реформалау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүргізу;
14) мемлекеттік қызметтік тұрғын үйді түгендеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
15) мемлекеттік қызметтік тұрғын үйді есепке алу және бөлу;
16) қызметтік жалдау шарттарын жасасу;
17) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі берешектерді сот тәртібімен өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
18) ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілер әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
19) мемлекет қатысатын ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарау, келісу, бекіту, бақылау және талдауды жүзеге асыру, олардың орындалуы бойынша есептер;
20) ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
21) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беру;
22) мемлекеттік қатысу үлесі оған иеленуге және пайдалануға берілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің құрамына ұсыныстар енгізу немесе өз өкілін тағайындау;
23) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін дайындау;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-бөлім. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) өз орынбасарларының, сектор меңгерушісінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмысты ұйымдастырады және шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
7) секторлар-мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ сотта мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
9) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
10) қазынашылық органдарымен мемлекеттік мекеменің төлемдер жүргізуі бойынша, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-бөлім. Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-бөлім. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
1) Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Экибастуз-Сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.