Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 бірлескен қаулысы мен Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі «Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» №31/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі «Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» №31/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелген) бірлескен қаулысына қаулымен және шешіміне өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
2. Жеңілдікке құқықты растайтын құжат болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
8) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын)көп балалы аналарға (немесе әкелерге);
9) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, оның ішінде олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін;
10) орта білім беру ұйымдарында оқу кезеңі басталған жастан бастап оны бітіретін уақытқа дейін оқитын балаларға.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
10 марта 2022