Жоба. Екібастұз қаласының аумағында қалалық қатынастарда автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Екібастұз қаласының аумағында қалалық қатынастарда автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» заңының 19-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифі белгіленсін:
электрондық жол жүру картасы арқылы не электрондық төлемнің қосымша сервистерін пайдалана отырып қолма – қол ақшасыз төлеу кезінде– 80 (сексен) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде-150 (бір жүз елу) теңге.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы» № 234/4 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 7264 болып тіркелген, 2021 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Екібастұз қалалық
мәслихатының хатшысы
______________Б.Куспеков
2021 жылғы «___» _________

Дата публикации
01 июля 2021