БІРЛЕСКЕНҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының
қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінен қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) «Екібастұзавтовокзалы – саяжай» қатынасындағы маршрутты қоспағандажеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
2. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшінбелгіленсін:
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
2)басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар;
4)1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
5) он сегізжасқадейінгімүгедекбалалар;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалыаналар;
8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары,оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналар (немесе әкелер);
9) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін.
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы – саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі «Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен № 733-1/7 қаулысыныңжәне № 43/7 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегіэталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.