ЖОБА. Екібастұз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге қайта өңдеуге және көмуге (кәдеге жаратуды есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы

ЖОБА

 

Екібастұз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге қайта өңдеуге және көмуге (кәдеге жаратуды есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 404 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге (кәдеге жаратуды есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы Екібастұз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдегі жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы» № 186/22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5694 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                                                  

                                                                                                                                                                                                                                                                    шешіміне қосымша

 

Екібастұз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге (кәдеге жаратуды есепке алмай) арналған тарифтер

 

р/с№

Атауы

Есептік бірлік

Бағасы теңгемен/айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

343,88

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

626,51

3

Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф

1 м3

2964,61

4

Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және көмуге арналған тариф

1 м3

833,57

5

Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай көмуге арналған тариф

1 м3

388,76

 

Дата публикации
29 апреля 2021