«Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ жөнінде пресс-релизі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық мүдделі тұлғалардың назарына «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ мен ШЕШІМ жобасы әзірленгені жөнінде хабарлайды.
Осы жоба Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31 - бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба https://legalacts.egov.kz/ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Дата публикации
04 мая 2020