Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін:
1) жасы бойынша зейнеткерлерге;
2) үшінші топтағы мүгедектерге белгіленсін.
2. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы кажырлы еңбегі және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы Кеңес СРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
4) 1986-1987 жылдарда Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға, азаматтық немесе әскери белгіленген объектілердегі басқа да радиациялық апаттарға және аварияларға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға;
5) 1988-1989 жылдарда Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқан, оқшалау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударған (өз еркімен көшкен) адамдарға, қоныс аударған күні анасының кұрсағында болған балаларды қоса алғанда;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
7) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұдан бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға;
9) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы (соның ішінде білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін жалпы орта және техникалық және кәсіби білім беру немесе орта білімнен кейінгі ұйымдарда күндізгі бөлімде оқитындар) бар көп балалы аналарға;
10) көпбалалы отбасылардың жеті жастан мектепті бітіретін уақытқа дейінгі жастағы балаларына;
11) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасылардан шыққан білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін кәмелетке толғаннан кейін жалпы орта және техникалық және кәсіби білім беру немесе орта білімнен кейінгі ұйымдарда күндізгі бөлімде оқитын студенттерге белгіленсін.
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы-саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін:
1) жасы бойынша зейнеткерлерге;
2) үшінші топтағы мүгедектерге белгіленсін.
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі «Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен № 733-1/7 қаулысы және № 43/7 шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.