Меню

Страницы

Статья

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық  бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын  3  құжат болуы керек:

- Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;

-  Меншік  құқығын  тіркеуге  негіз  болған  құжаттың  түпнұсқасы (мысалы, сатып алу  –  сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);

-  Кадастрлық  жоспардың  түпнұсқасы,  онда  жер  учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған  құжаттардың  барлығында  да  меншік  иесі  туралы  мәлімет
бірдей болуы керек.

Меншік  иесі  жеке  тұлға  болса,  онда  Қазақстан  Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заң ды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.

Сатып  алушыдан  көбірек  ақша  алу  мақсатында  алаңы  үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз

 
 
 
Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

18 сентября 2025
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы
12 августа 2025
Telegram-bot EgovKz
Баспасөз релиздері
18 июля 2025
Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» № 237/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы