Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?

Сыбайлас жемқорлық жайлы нені білу маңызды, жемқорлық құқық бұзушылық фактілері әшкереленгенде қалай дұрыс әрекет етсе болады, төтенше жағдайда қайда жүгіну шарт? Әділетсіздікпен, теріс түсінікпен, айрықша құрмет, парақорлық фактілерімен бетпе-бет келгенде елдің көбінің алдынан осы мәселе кесе-көлденең шыққан болар.

Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия әзірленген. Стратегия маңызды ой түйеді: Жоғарыдан жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар қоғамның қолдауынсыз тек ішінара нәтижелі болмақ. Жемқорлыққа төзімсіздікпен қарау әр қазақстандықтың азаматтық позициясы болуы шарт, ал адалдық пен тұрақтылық – тәртіп талабы.

Дертті емдегеннен гөрі, оның алдын-алу әлдеқайда жеңілірек екені бесенеден белгілі. Жемқорлыққа қарсы көзқарас пен тәрбие бір мезгілде пайда болмайды, бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі, мемлекет меншік түрі мен қызметіне қарамастан барлық ұйымдарды адал және есеп беруге тиісті қоғамды құру мәселелерінде ынтымақтасуға үндейді, мұның өзі ұлттық ауқат пен келісім кепілі.

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетілген бастамаларды толығымен қолдайды. Тұрғын үйлерді басқару органдары, «Офис-сервис» ЖШС ведомствоға қарасты ұйымы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға белсене атсалысуда. Барлық басқару органдарына ұзын саны 220-ден астам: «Әлеуметтік бақылау картасы», «Біздің ортақ мақсат - жемқорлықсыз болашақ», «Егер Сізден пара бопсаласа, қайтпек керек?» атауларымен жемқорлыққа қарсы материалдар ілінді. 

Бөлім «Nur Otan» партиясының Екібастұз қалалық филиалы өкілдерімен бірлесе құқықтық жаппай оқытулар, «Ертіс – адалдық алаңы» Павлодар облыстық жобалау офисінің қызметін баяндау жөнінде дөңгелек үстел өткізді және ұйымдастырды. Мемлекеттік мекемелерде халық үшін жайлы орта құру, тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту жобалау офисінің міндеттері болып табылады.

Азаматтардың құқығы мен жемқорлық фактілерінің бұзылуы орын алған күнде, 1424 жалпыреспубликалық тегін желісі, «Ертіс-адалдық алаңы» жобалау офисінің байланыс телефондары 8(7182) 651185, 87474041424 әрекет етеді, офис парақтары «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілеріне орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде ұғыну және қабылдамау – біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің көрінісі.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

басшысы                                                                   А. Рүстемов



Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
Жаднама

Сейчас читают

18 сентября 2025
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы
12 августа 2025
Telegram-bot EgovKz
Баспасөз релиздері
18 июля 2025
Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» № 237/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы