2023 жылғы 1-6 қыркүйек аралығында «Егемен-сервис» ПИК басқару органының қызметіне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның, Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде Б.Момышұлы к., көппәтерлі тұрғын үйі бойынша 96 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасы негізінде тексеру жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында қаралып отырған кезеңдегі құжаттарға талдау жүргізілді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320 – бабының 5-бөлігінің бұзылғаны, Б.Момышұлы к., 96 үй тұрғындарына атқарылған жұмыс туралы есептер беру туралы ақпараттың болмауы анықталды. «Егемен-сервис» ПИК басқару органы 2023 жылғы 7 қыркүйектен бастап бір күнтізбелік жылға ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Б.Момышұлы к., 96 үй тұрғындарын 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейінгі мерзімде тексеру кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есептермен таныстыруға нұсқау берілді.