Екібастұз қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін ұсынады. Қызметті алушылар — қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы иелері болып табылады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жергілікті атқарушы органға есепке қоюға қоғамдық пайдаланудағы техникалық объектілер жатады деп белгіленген:
- 0,07 МПа астам қысыммен және (немесе) Цельсий бойынша 115 градустан жоғары қыздыру температурасында жұмыс істейтін бу мен су жылыту қазандықтары, ыдыстар;
- жолаушылар және аурухана лифттері;
- эскалаторлар, траволаторлар, фуникулерлер, жүк көтергіш механизмдер, сондай-ақ, өзге де техникалық құрылғылар.
Өтініш беру үшін қауіпті техникалық құрылғылардың иелері білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінде, сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерде лифтілер пайдаланылған жағдайда «egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы немесе қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып, «e-license» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күніне дейін. Балама негізде өтінім беру көзделмеген, қызмет толық автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі деп есепке қою туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту саналады. Өтініш беруші қорытынды нәтижені Жеке кабинеттен қашықтан алады.
2025 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органға 232 қауіпті техникалық құрылғы есепке қойылды.
Туындаған сұрақтар бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не 34-71-15 байланыс нөміріне уақтылы хабарласуларыңызды сұраймыз.