Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ
(2024 жылғы маусымнан бастап 2025 жылғы мамырға дейінгі кезең үшін)
талдау анықтамасы
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы):
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Азаматтық кодекс, Кәсіпкерлік кодекс, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Қызмет этикасы қағидалары);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары;
Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығы);
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығы);
Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 193/21 шешімі, бұдан әрі - Дайындау қағидалары);
«Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығы) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де нормативтік актілер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы 2025 жылғы 28 мамырдағы № 8 бұйрық шығарды.
«Офис сервис» ЖШС ведомстволық бағынысты мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің жүргізілуін бақылау бойынша міндеттерді жүктеу туралы бұйрық шығарылды.
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі ММ басшысының м.а. Е.Е. Ақылтаев тұрғын үй инспекциясын және ведомстволық бағынысты мекемені жүргізуге жауапты болып белгіленді.