1-тарау. Жалпы ережелер
1.Осы Павлодар облысы Екібастұз қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 9-11) тармақшаларына сәйкес әзірленді, өзге де нормативтік құқықтық актілержәне пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді күрделі жөндеуге немесе ауыстыруға, Екібастұз қаласы бойынша КТҮ күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.
1) басқарушы компания – жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
2) дауыс беру – келу тәртібімен өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру арқылы немесе жазбаша сұрау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді, сондай-ақ орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын және қоймаларды күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері келу тәртібімен немесе жазбаша сұрау жүргізу арқылы өткізілетін жиналыста тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс бере алады;
3) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы – басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі болып табылмайтын, уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы;
4) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – Үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін алқалы басқару органы;
5) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
6) пәтер – көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай;
7) тұрғынжайдың жалпы алаңы – тұрғынжайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;
8) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы – бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;
10) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері, тогы әлсіз инженерлік жүйелер;
11) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
13) дара (бөлек) меншік – азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншігі;
14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;
16) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
17) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
18) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған міндетті ай сайынғы жарналары;
20) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
21) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік;
22) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
23) жай серіктестік – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін заңды емес тұлға.
2-тарау. Павлодар облысы Екібастұз қаласында лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары
Күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің, жөндеуге және ауыстыруға жататын лифтілердің тізбесін қалыптастыру үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тұрғын үй инспекциясы бөлімі) көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарымен не Үй кеңесінің өкілдерімен, үй тұрғындарының бастамашыл тобымен бірлесіп пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналысын ұйымдастырады.
Жиналыстар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының, пәтер және тұрғын емес үй-жайлар иелерінің нақты өтініштері негізінде өткізіледі.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ресми сайты арқылы пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың қаражатын өтеуді (қайтаруды) қамтамасыз ету шартымен тұрғындарды лифтілерді жөндеу (ауыстыру), КТҮ күрделі жөндеу үшін өтініш беру тәртібі мен шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жиналысы Заңның 42-1-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері белгіленген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді жөндеу және ауыстыру туралы оң шешім қабылдаған кезде, егер қатысу сәтінде басқару органы (басқару нысаны) таңдалмаса, көппәтерлі тұрғын үйді басқару органын сайлайды.
Жазбаша сауалнама жүргізу тәртібі Заңның 42-2-бабына сәйкес жүргізіледі.
1) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізу бойынша;
2) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің шешімін Екібастұз қаласы бойынша ортақ мүлікті күрделі жөндеу бағдарламасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) айқындайтын уәкілетті мамандандырылған ұйымға кейіннен мемлекеттік сараптаманың сараптамалық қорытындысын, көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге экологиялық сараптаманы, лифттерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыстыруды ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жібереді.
Оператор авторлық, техникалық қадағалауды орындауға шарттар жасасуды қамтамасыз етеді.
Бағдарлама операторы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен жоспарланған жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес құрамда өтеді.
3-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды, жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға байланысты іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
Мамандандырылған ұйымдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалады.
КТҮ-ге күрделі жөндеу жүргізуді мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мердігер ұйымды тарта отырып, Бағдарлама операторы жүзеге асырады.
- кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;
- ЖСҚ, шығыстар сметасын, ақаулар ведомостарын келісуді ұйымдастырады;
- Бағдарлама операторымен шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.
Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, жай серіктестіктің сенімді тұлғасы, көппәтерлі тұрғын үйді басқару органының уәкілетті өкілі, Үй кеңесі күрделі жөндеу жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер анықталған кезде Бағдарлама операторына не мердігерлік ұйымға, не анықталған кемшіліктерді жою үшін ЖАО-ға жүгінеді.
4-тарау. Қорытынды ереже
Бағдарлама операторы осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындайды.
Сотқа дейінгі дау осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес қаражатты қайтаруға жасалған жеке шарттарға сәйкес көзделген тәртіппен шешіледі.
35.Тұрғындар қайтарған сомаларды Бағдарлама операторы басқа КТҮ жөндеуге пайдаланады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктегі шоттан жинақталған қаражат орындалған күрделі жөндеу жұмыстарына ақы төлеу ретінде Бағдарлама операторының шотына аударылуы мүмкін.