2023 жылғы 7-13 қараша аралығында «Витязь-сервис» ҮИК басқару органының қызметіне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Шешембеков к., 7 «А» көппәтерлі тұрғын үйге Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасы негізінде жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында қаралып отырған кезеңдегі құжаттарға талдау жүргізілді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 5-бөлігі бойынша Шешембеков к., 7 «А» үй тұрғындарына атқарылған жұмыс туралы есептер беру туралы ақпараттың болмауына қатысты бұзушылық анықталды. «Витязь-сервис» ҮИК басқару органы бір күнтізбелік жылға ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ талаптарын, ортақ мүлікті күтіп-ұстау қағидаларын сақтау, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқару және мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі есептерді ұсыну, тұрғындарды таныстыру туралы растайтын тоқсан сайын және жыл сайын ақпарат ұсыну ұсынылды.