Газ және газбен жабдықтау: халықпен ақпараттық-түсіндірме жұмыс

 

2023 жылғы наурыз бен 15 қараша аралығында Екібастұз қаласында коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық газ тұтынушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде барлығы 181 жеке тұрғын үй мониторингпен қамтылды, 12 рейд орындалды, 49 жағдайда тұрмыстық тұтынушылар газ жабдықтарын пайдаланатыны анықталды. Степная, Дружба, Қарағанды, Гридин және т.б. көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қаланың 47 бизнес және кәсіпкерлік объектісін аралау барысында, 7 жағдайда газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы жойылды.

Барлық тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жадынамалар тапсыра отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, барлығы газ баллондары мен жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптарын түсіндіре отырып, 228-ден астам анықтамалық ақпараттық материалдар таратылды.

 

Бөлім басшысы                                                           Ә.Байділдин

 

Дата публикации
15 ноября 2023