«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың екі және одан да көп меншік иелері болған кезде жылжымайтын мүлікке меншік құқығы кондоминиум түрінде туындайды.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар жеке (бөлек) меншікте болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген меншік түрі, ал жеке (бөлек) меншікте болмайтын бөліктер көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне тиесілі.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың барлық иелері кондоминиумға қатысушылар болып табылады.
Кондоминиум объектісін басқару - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық қызметтер көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында 690 көпқабатты тұрғын үй бар.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 466 үйде бар, оның ішінде жаңа үлгіде – 65(бұл 9,4% құрайды), ескі үлгіде – 401 (бұл 58,1% құрайды). 2023 жылы 5 кондоминиум объектісі тіркелді. (М.Жүсіп к., 105, Б.Момышұлы к., 30Б, Екібастұзға-40 жыл к., 23/1, Е.Көшербаев к., 54,М.Әуезов к., 54), пәтерлердің тұрғын үйлердің меншік иелерімен кондоминиумның 14 объектісін тіркеу жұмысы жалғасуда (М.Жүсіп к., 55, М.Әуезов к., 91, Торайғыров к., 25, Шешембеков к., 7, Энергетиктер к., 46, Ломоносов к., 6, Беркімбаев к., 90, Королев к., 80, А.Марденов к., 15, А.Марденов к., 23, Абай к., 132, Абай., 131/127, Шешембеков к., 5, Б.Жырау к., 246).
Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт), үйдің техникалық паспорты ұсынылады.
690 көппәтерлі тұрғын үйдің 91-інде, оның ішінде коммуналдық меншіктегі 40 үйде техникалық паспорттары жоқ (Абай к., 160Б, Әуезов к., 128, М.Жүсіп к., 63, 130, 153, Королев к., 72/1, 72/2, 74А, 74Б, М.Маметова к., 54/1, 54/2, 54/3, 54/4, 78, Сәтбаев к., 37/1, 37/2, 37/3, 37/4, 37/5, 37/6, Энергетиктер к., 36, 40, 56, 58Б, 60, 64, 106, 107, 108, 116/1, 116/2, 116/3, 116/4, 118, Торайғыров к., 112/1, 112/2, 114/1, 114/2, 114Б, Бұхар Жырау к., 286Б).
Келесі басқару органдарына немесе тұрғын үйлерді басқару органдарына жататын пәтер иелерінің кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамыз: «Умит» ЖК, «Достык 29А» ПИК, «Булатова» ЖК, «Рил» ЖК, «Токшалова» ЖК, «Надежда - 23» ПИК, «Саял - 1» ПИК, «Садыкова» ЖК, «Витяз - Сервис» ПИК, «Сакура» ЖК, «ШАКИБАЕВ» ЖК, «ДАРХАН-СЕРВИС» ПИК, «ТЕМП - СЕРВИС» ПИК, «БАХЫТ - 48» ПИК, «Камкор - 74» ПИК, «КОМФОРТ - СЕРВИС» ПИК, «ЕГЕМЕН - СЕРВИС» ПИК, «ТРАНССТРОЙ» ПИТК, «Энергетик - Сервис» ПИК, «Мирас 182А» ПИК, «Империя Ариадна +» ЖК, «Хамза» ЖК, «Лина» ЖК, «Чичерин» ЖК, «Мустафина» ЖК.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Энергетиктер к., 62, 27-85-59 телефонына жүгінуді ұсынамын.