2023 жылдың наурыз айынан 19 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық газ тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2023 жылдың наурыз айынан 19 қыркүйегіне дейінгі кезеңде Тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық газ тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 8, 14 қыркүйекте Дүйсембаев к., 34 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрмыстық тұтынушылары аралау жүргізілді.

Газ тұтыну жабдығы мен газ баллонын сақтау бөлігінде «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңның бұзылуы қалпына келтірілді. Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарымен жадынамалар табыстау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы 19 қыркүйекте үй тұрғындарының өтініші бойынша Б.Жырау к., 286 Б көппәтерлі тұрғын үйде мониторинг жүргізілді, заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мониторинг аясында коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар: «Астана» кафесіне (Энергетиктер к., 42а), «Ақ тілек» мейрамханасына (Абай к., 160) қатынау жүзеге асырылды. Бір жағдайда «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңның бұзылғаны ескертілді.

Барлық тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жадынамалар табыстала отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері Екібастұз қаласының бизнес және кәсіпкерлік объектілеріне барлығы 8 рейд жүргізілді, Екібастұз қаласындағы 33-тен астам кәсіпкер құлақтандырылды, жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне 94-тен астам материал таратылды.

 

Дата публикации
03 октября 2023