Жыл сайынғы мерзімді техникалық куәландыруды жүргізу - бұл барлық лифтілер үшін олардың қызмет ету мерзіміне қарамастан міндетті талап екеніне Сіздердің назарларыңызды аударамыз!
Техникалық тексеру лифтті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жарамды жұмыс жағдайына тексеруді, қауіпсіздік аспаптарын тексеруді, статикалық және динамикалық сынақтарды қамтиды. Нәтиже лифт паспортына енгізіледі және мамандардың мөрімен куәландырылады.
Лифттерді техникалық куәландыруды тек «Иртыш Лифт» ЖШС (Павлодар қ.), «Элит Успеха» ЖШС (Павлодар қ.), «Качество и результат» ЖШС (Астана қ.) сияқты мамандандырылған ұйымдар ғана жүргізуге уәкілетті.
Мамандандырылған ұйымдардың толық тізбесімен, шарттарымен және байланыс деректерімен elisence.kz порталында немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ресми сайтының «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бөлімінде танысуға болады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!