Мемлекеттік бақылау. Жоспардан тыс тексерудің нәтижелері туралы ақпарат

2023 жылғы 3-9 тамыз аралығында «Бердиева» ЖК қызметіне Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушының сақтауы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оған М.Әуезов к., 49/7 көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер иелерінің жазбаша өтініші, сондай-ақ Екібастұз қаласының М.Әуезов көшесі, 49В әлеуметтік инфрақұрылым объектісінде газ тұтыну жабдықтарын пайдалану туралы растайтын фактілердің болуы негіз болды.

Инспекциялық тексеру жүргізу барысында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығы, бұдан әрі - талаптар) 266-тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды, нәтижелер туралы актіні ала отырып, техникалық қызмет көрсету шарты аясында газ тұтынатын жабдық (қыздырғыштың) жұмысының жарамдылығы туралы растайтын құжаттар.

Талаптардың 266-тармағында тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну жүйелеріне (газ құбырларына) және газ жабдықтарына жылына кемінде 1 рет, ал коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға 3 айда кемінде 1 рет техникалық қызмет көрсету көзделген.

Тексеру субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес кінәні мойындауға байланысты әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

«Бердиева» ЖК-ге техникалық қызмет көрсету шарты аясында 2023 жылдың 23 тамызына дейін газ тұтынатын жабдыққа тексеру жүргізу туралы ұйғарым берілді.

Жоспардан тыс тексеру нысанасына жатпайтын әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес елеулі заң бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- газ тұтыну жабдығы жұмысының режимдік картасы жоқ. Талаптардың 278-тармағына сәйкес, мамандандырылған ұйымның техникалық есебі негізінде әрбір газ пайдаланатын қондырғыға қондырғы жұмысының режимдік картасы жасалады.

Қондырғы жұмысының режимдік картасын пайдаланушы ұйымның меншік иесі немесе басшысы бекітеді және газ пайдаланатын қондырғыда ілінеді.

- газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулығы жоқ. Талаптардың 280-тармағында газ жабдығы орнатылған үй-жайларда газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен ажырату құрылғылары көрсетілген газ құбырларының схемалары ілінетіні анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша «Бердиева» ЖК тексеру субъектісіне газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы ұсыныс берілді.

Дата публикации
28 августа 2023