2023 жылғы 28 тамызда жергілікті атқарушы органға Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде 216 қауіпті техникалық құрылғы, оның ішінде жолаушылар лифтілері, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар (су жылыту қазандықтары, автокран, эскалаторлар) есепке алынды.
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін ұсыну қағидаларына сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері, көппәтерлі тұрғын үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары және т. б.) елдімекен шекарасы шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын меншік иелері осы объектілерді тұрғын үй инспекциясына есепке қоюда төмендегі шараларды қабылдауы тиіс.
Бір жағдайда қауіпті техникалық құрылғы (автокран) Екібастұз қаласының тұрғын үй инспекциясы есебінен алынып тасталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында негізгі ережелер көзделген:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні;
-толық автоматтандырылған қызмет «Elicense.kz» порталы, сондай-ақ «Egov.kz» ақпараттық порталы арқылы көрсетіледі
-мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;
-қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе есептен шығару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады;
- қажетті құжаттар тізімі - белгіленген үлгідегі өтініш және қауіпті техникалық құрылғы паспорты.
Жергілікті атқарушы органға есепке қою мәселелері жөнінде 27 85 59 нөміріне хабарласуды ұсынамын.