Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабына сәйкес, жергілікті өкілетті органдар кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекітілді.
Аталған шығыстар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
2023 жылғы 20 маусымда Екібастұз қалалық мәслихатының шешімімен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері 2023 жылға бір шаршы метр үшін құны 30 теңге сомасында бекітілді.