Мемлекет пен қоғам қашанда алға, батыл саяси курстың дамуына, бәсекеге қабілеттіліктің артуына, азаматтардың ұлттық әл-ауқатының артуына, өмір сапасының жақсаруына ұмтылады – мұның өзі стратегиялық басымдылықтар, оған әрине сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары деңгейде болғанда қол жеткізу мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік індет, саяси және қоғамдық тәртіпті жою факторы десе де болады.
Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында он нақты қадам көрсетілген, оны көшбасшы-мемлекеттер қатарына кіруі үшін қазақстандықтар шешуі шарт. Жолдаудың тоғызыншы тапсырмасы «сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі». Сыбайлас жемқорлықпен күресте сақтандыру шараларына және тәсілдеріне ерекше мән беру керек. Сақтандыру шаралары жемқорлық құқықбұзушылыққа түбегейлі кепіл бола алмайды, мұның өзі жемқорлық тәуекелін азайтудың жолы, заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын ескерту болып табылады.
Жемқорлыққа барлық азаматтар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер де қарсы тұруы шарт. Ол үшін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың не екенін, қайда жүгіну керек, қандай байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуға болатынын нақты білу маңызды.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де мамандар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөнінде Екібастұз қаласындағы кондоминиум объектілерін басқару органдарының төрағаларымен және қызметкерлерімен ақпараттық-түсінік жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отырады. «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында қала тұрғындары үшін кондоминиум объектілерін басқару органдарының офистерінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ескерту бойынша барлық ақпарат орналастырылған: үгіт баннерлері, плакаттар, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін органдардың байланыс мәліметтері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың электрондық нұсқасы және материалдар «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-інің zhilinsekb@mail.ru ресми сайтындағы «Маңызды» қосымшасында сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» қолжетімді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін жалпы республикалық «call-center» 1424 әрекет ететінін тұрғындардың есіне саламыз.
«Ескертілсең - қапыда қалмайсың», мұның астарында маңызды өмірлік принцип бар, оны әркім сақтауы ләзім: бойындағы белсенді өмірлік позициясын, өз бетінше білім алумен шұғылдануға қажеттілікке, саяси, қоғамдық, мәдени өмірдегі жаңалықтар мен өзгерістерді тануға ұмтылыс, ақпараттық технологияларды меңгеруге тәрбиелеу – мұның бәрі сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты ортақ істе үлкен демеу болмақ.