2018 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫ БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

2018 жылдың 1-тоқсанында жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ұйымдастыру-басқару қызметі болып табылады «бұдан әрі – Бөлім).

Жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізудің Типтік ережелеріне сәйкес, Бөлімнің бірінші басшысының 2017 жылғы 5 қазандағы №21 бұйрығымен жүргізілді.

Бөлім өз қызметін, Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігі 2017 жылғы 27 шілдеде № 907/7 қаулысымен бекіткен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырады.  

Жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы: Бөлімнің 2018 жылғы 1-тоқсандағы ұйымдастыру-басқару қызметінде жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында бойынша іске асырылды.  

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрларды ауыстыру:

-2018 жылғы 31.03 бөлімнің штаттық саны 11 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметкер, 1 азаматтық қызметкер дің бос орнын (статистик) құрады;

- есептік кезеңде  кадрлардың ауысуы байқалмады;

         Есептік мерзімде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкер мен қызметкер болған жоқ.

         2) 2018 жылғы 1-тоқсанда Бөлімде мүдделердің дау-дамай фактілері анықталған жоқ. Бөлімге мүдделердің дау-дамайын тудыратын өтініштер түскен жоқ;

         3) Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді;

4) Бөлім рұқсат беретін функцияларды іске асырмайды;

5) Бөлім тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды және тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.  

Бөлім мамандары кондоминиум объектілерін басқару органдарының тұрғын үй қорының техникалық жағдайы мен тиісінше пайдалану қызметіне,  Екібастұз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін сақтауына жалпы бақылауды және ұдайы мониторингті жүргізеді. 

Бақылау:

  1. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастырудан тұрады.

Екібастұз қаласындағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеру 2018 жылғы 2 және 3-тоқсандарға жоспарланған. 2018 жылғы 2-тоқсанға мамандандырылған ұйымды техникалық тексеру саласында анықтау бойынша мемлекеттік сатып алулар жоспарланған;

  1. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің  жекелеген түрлерінің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін анықтау.

         Екібастұз қаласындағы 3 көппәтерлі тұрғын үйді Өңірлерді жаңғырту бағдарламасымен күрделі жөндеуге 3 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы атқарылды: М.Маметова к. 71 (жертөледегі жылу жүйесін, кірешекті және төбе жабындысын күрделі жөндеу), Энергетиктер к. 81 (жертөлені, кірешектер мен төбе жабындысын күрделі жөндеу), Сәтбаев к. 48 (жертөлені, кірешектер мен төбе жабындысын күрделі жөндеу). Сметалық шығындар бойынша жобалар құны 109508,1 мың теңге.

  1. кондоминиум объектісін басқару органы берген тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жекелеген түрлеріне күрделі жөндеу жүргізуге сметалық шығындарды келісімдеу.

Екібастұз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеу  қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.  

Бөлім мамандары есептік тоқсанда М.Маметова к. 71, Сәтбаев к. 48, Энергетиктер к. 81 бойынша жекелеген түрлерді күрделі жөндеуге 3 шығындар сметасы келісімдеді.  

  1. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге қатысты орындалған жұмыстарды қабылдау комиссияларына қатысу.

2018 жылдың 1-тоқсанында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге қатысты орындалған жұмыстарды қабылдау комиссиясы болған жоқ;

5) хаттамалар жасау және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау.

2018 жылдың 1-тоқсанында тұрғын үй қорын басқару саласында  әкімшілік құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ;

6) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-бабы 1-1-тармақтарымен көзделген жағдайда, қызмет көрсететін ұйымды анықтау.

Есептік кезеңде Бөлім мамандары тарапынан Екібастұз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде қызмет көрсететін ұйымды анықтау қажеттілігі болған жоқ;

7) кондоминиум объектісінің пәтер меншік иелері өтінішпен жүгінген күнде, кондоминиум объектісін басқаруға қатысты  есеп беруді тексеру.  

Бөлім мамандары, (Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі, №34а үй, №3 пәтерде тұратын) Н.Б.Балгабаеваның 2018 жылғы 05.02 № 2428/1-17/ФЛ-Б-28 жазбаша өтініші негізінде, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сәйкес, «Жетписпаева» ЖК кондоминиум объектісін басқару органына жоспардан тыс тексеру жүргізді. М.Жүсіп к. 34а мекенжайда орналасқан «Жетписбаева» ЖК кондоминиум объектісі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын (Бұдан әрі –Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы» Бұйрығын сақтауы тексеру мәні болып табылады.  

ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті Екібастұз қаласы бойынша Басқармада 2018 жылғы 15.02 № 175522972/00001 белгіленген тәртіпте тіркелген 2018 жылғы 15.02 тексеру тағайындау туралы акт. Тексерілетін субъект «Жетписбаева» ЖК жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні туралы уақытылы құлағдар етілді, 2018 жылғы 18 ақпандағы  №2428/4-02/1 хабарлама.

Тексеру жүргізу барысында «Жетписбаева» ЖК құрылтайшылық құжаттары, жиналыстардың хаттамалары, М.Жүсіп к. 34а үйдің ортақ мүлкі бойынша 2016 жылғы 05 ақпаннан бастап 2018 жылғы 05 ақпанға дейінгі міндеттерді орындау жөнінде есеп беру зерделенді.

2018 жылғы 16 ақпанда М.Жүсіп к. 34а үйге көзбен шолу жүргізілді. тексеру нәтижесінде «Жетписбаева» ЖК төрайымы З.Ж. Жетписбаеваға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқау берілді.

Тексеру мәні бойынша, «Жетписбаева З.Ж.» ЖК жұмысында тұрғын үй заңнамасын бұзушылықтар анықталды, ол туралы 2018 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде нұсқау берілді. Белгіленіп келісілген мерзімде барлық бұзушылықтар жойылды. Өтініш иесіне жауап уақытылы берілді. 

«Жетписбаева» ЖК жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес қатаң түрде жүргізілді. Бөлім мамандары азаматтардың жазбаша және ауызша, оның ішінде электронды поштаға келіп түсетін өтініштердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тұрғын үй қатынастары саласындағы жұмысына қатысты БАҚ-та жарық көрген ақпараттардың мониторингісін ұдайы жүргізіп отырады. 

2018 жылғы 31 наурызда Бөлімге 187 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 45 өтініш, заңды тұлғалардан – 2 өтініш, облыс әкімінің блогына – 10 өтініш, Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына – 101 өтініш келіп түсті. Қала әкімінің қолымен 6 жауаптың жобасы, қала әкімі орынбасарының қолымен 23 жауап әзірленді.

88-нен астам өтініш мамандардың орынға барып қарауымен әзірленді, Екібастұз қаласы әкімдігі дербес бөлімдері, қаладағы коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындар, оның ішінде   «Павлодарэнергосбыт» ЖШС, «ПТС» ЖШС «ЕЖЖ» ӨК, «Горводоканал» МКК, «Горэлектросеть» МКК, «Офис-сервис» ЖШС өкілдерінің қатысуымен мекенжай бойынша комиссиялық тексерулер ұйымдастырылды.

Есептік кезеңде Бөлімге 22 өтініш келіп түсті. Азаматтардың қатынауы кезінде келіп түскен барлық өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының талаптарына сәйкес орындалды. Аталмыш өтініштерді қарау нәтижесі бойынша қала тұрғындары мен өтініш иелерінен Бөлім қызметкерлеріне жемқорлық құқықбұзушылық, қызмет бабын пайдалану, оған қоса Қызметтік әдеп нормасы ережелерін бұзуға қатысты шағымдар мен хаттар түскен жоқ.

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Екібастұз қаласы әкімінің ресми WhatsApp-ына, Бөлімнің электронды поштасына электронды түрде 111-ден астам өтініш келіп түсті, мұның өзі азаматтардың орындаушылармен тікелей байланысының жоқтығына, демек жемқорлық тәуекелі көрінісінің мүмкіндігін азайғанына дәлел.

Барлық келіп түскен өтініштерге жауаптар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде берілді.

Бөлімнің бірінші басшысының азаматтарды қабылдауы апта сайын сейсенбіде сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, қабылдаудың бекітілген кестесіғимараттың фойесіне және Бөлімнің ресми сайтына орналастырылған. Бөлім басшысы 2018 жылғы 31.03 жеке қабылдауда 21 азаматты (барлығы жеке тұлғалар) қабылдады: оның ішінде: жылумен жабдықтау бойынша – 1, ыстық, суық сумен жабдықтау бойынша, кәріз мәселесімен – 2, ортақ мүлікті күрделі жөндеу – 8, өзге де мәселелермен (кондоминиум объектісін басқару ұйымының қызметі, абаттандыру жәнетұрғын үй мәніндегі мәселелер) – 10.  

Бөлім мамандары күн сайын азаматтарды қабылдайды, қажет болған күнде өтініштер қаладағы коммуналдық қызметтердің және өтініш иесінің мекенжайына қызмет көрсететін органның қатысуымен орынға барып қаралады,  

Есептік мерзімдегі БАҚ, материалдарды талдау.

Интернетте және Бөлімнің ресми сайтына орналасқан материалдар жемқорлық тәуекелі мен сыбайластық фактілерінің жоқтығын көрсетеді. Ағымдағы жылдың ақпанында Бөлім тарапынан Екібастұз қаласының халқына арналған «Голос Экибастуза» газетіне (2018 жылғы 8 ақпан, (№6 (3226) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жемқорлыққа қарсы тақырыптық мақала жарық көрді. Мақалада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі принциптері баяндалған, жемқорлық тәуекелі көрініс берген жағдайда жеке және заңды тұлғалардың әрекет етуіне кеңес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды көрсететін органдармен хабарласудың байланыс телефондары берілді.

Есептік мерзімде Бөлімнің қызметіне қатысты прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері келіп түскен жоқ.

Жоғарыда баяндалған негізінде, жұмыс тобы 2018 жылдың 1-тоқсанында Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметін талдау қорытындысы бойынша жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ деген ұйғарым жасады.

Жұмыс тобы ұсынады:

1) заңмен белгіленген жемқорлыққа қарсы шектеуді және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп ережесін қатаң ұстану;

2) Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің және қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын, оның ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылын арттыру мақсатында, ай сайын және қажетінше жаппай құқықтық оқытуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және тұрғын үй мәселелері саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен заңдарды, бағдарламалық заңдарды талқылауға қатысты тақырыптық семинарларды және талқылауларды өткізу;

3) құзыр шегінде азаматтар мен қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында, «Есіктен есікке»  жобасын іске асыру, қала тұрғындары мен кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметкерлері үшін БАҚ және Бөлімнің ресми сайты арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсінік жұмысын ұдайы жүргізу.

4) құзыр шегінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға қатысты Екібастұз қаласының 2018-2020 жылдарға арналған Шаралар жоспарын іске асыруға тұрақты түрде қатысу.

Жұмыс тобы:

 

С.Б.Байсельдинов

 

 А.Ж.Жанатова

 

Р.К. Мусайбеков

 

А.Ш. Ахметова

 

Д.Р.Байкенов

Дата публикации
17 июля 2020