2018 ЖЫЛДЫҢ 4- ТОҚСАНЫ БОЙЫНША ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ НӘТИЖЕСІНІҢ САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауының объектісі болып табылады (бұдан әрі - Бөлім).

         Тұрғын үй бөлімінің қызметіне қатысты нормативті-құқықтық құжаттар.  Бөлім қызметті Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Кәсіпкерлік кодексіне (тексерулер жүргізу бөлігінде), Ортақ мүлікті күтіп ұстау ережелеріне, Коммуналдық қызметті пайдалану ережелеріне, Жылу энергиясын пайдалану ережелеріне, Қағидалар мен өзге де құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

         Жоғарыда санамаланған құжаттарды талдау жемқорлық құқықбұзушылықтың орын алу нормаларының, тәуекелдің бар екенін көрсетпейді.

         Нормативтік-құқықтық құжаттарда дискрециялық нормалардың болуы. Ішкі талдау барысында, Кодекс пен Заңның ережелері дискрециялық нормалардан тұратыны анықталды.

         Кодекстің 144-бабына (3-тарау, 4-тармақша) сәйкес, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады. Тұрғындар жазбаша өтініштерде жоспардан тыс тексерудің нақты мәселелерін көрсетеді: кондоминиум объектісін басқаруға қатысты тоқсан сайынғы есеп берулердің бар болуы, әрбір кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ есепшотының бар болуы, жай (пәтер) меншік иелері жиналыстарының жай (пәтер) меншік иелері жиналыстарының Типтік хаттамасы сәйкестігі және өзге де мәселелер.  

         Заңның «Кондоминиум» бөлігіне сәйкес, тұрғындар мен басқару органдарының барлық ара-қатынастары нақты құқықтық санатқа бөлінген: «жай (пәтер) меншік иелері» басқару органының өкілдері (төраға, қызметкерлер). Заңның 50-32 бабында тоқсан сайынғы есеп берулер жай (пәтер) меншік иесіне берілуі шарт делінген, 42-1, 42-2 баптар жалпы жиналыстардың хаттамаларын жүргізу бойынша талаптардан тұрады, онда шешім қабылдау жай (пәтер) меншік иелеріне жатады.

         Демек, жоспардан тыс тексеру жүргізуге жай (пәтер) меншік иелері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар ғана өтініш жазуға құқылы.

         Бөлімшенің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде жемқорлық тәуекелін анықтау. 

  1. Персоналды, оның ішінде кадрлардың ауысуын басқару. Есептік кезеңде штаттық кестеде өзгеріс болған жоқ, Екібастұз қаласының Тұрғын үй инспекциясында 11 мемлекеттік қызметкер және 5 азаматтық қызметкер бар, 2018 жылғы 31 қаңтарда штатта хатшының бос орны болды (1 бірлік).

    Мамандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде мәлімет жоқ.

  1. Мүдделер дауын реттеу. Есептік кезеңде мүдделер дауының туындауына ықпал еткен мүдделер дауы, не болмаса факторлар анықталған жоқ. Бөлімде туыс-туғандар қызмет етпейді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Бөлім қызметкерлерінің қызығушылығын туғызған фактілер анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету. Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
  3. Рұқсат етілетін функцияларды іске асыру. Бөлім рұқсат етілетін функцияларды іске асыру өкілеттігіне ие емес.
  4. Бақылау функцияларын іске асыру. Бөлім тұрғын үй қорын басқару саласын бақылауды іске асырады, жай (пәтер) меншік иелерінің жазбаша өтініштері негізінде басқару компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру түріндегі бақылау.

         Есептік кезеңдегі жоспардан тыс тексерулерді талдау. 2018 жылдың 4-тоқсанында 6 жоспардан тыс тексеру өткізілді. 10 қазаннан бастап 5 жұмыс күніне дейін «Арай-7Эк» ҮИК қызметі жоспардан тыс тексерілді. Шешембеков к. 9А-22 пәтер меншік иесі А.Ж.Молдажанованың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі тоқсан сайынғы есеп беру мәселесіндегі сенімхат бойынша өтініші келіп түсті. Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ, тоқсан сайынғы есеп берулер өтініш иесіне «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес тапсырыс хатпен уақытылы жолданған.

         «Бакешова» ЖК жоспардан тыс тексеру. 1-Линейный к. 2А-32 пәтер меншік иесі Т.Н.Винтулькинаның жазбаша өтініші негізінде, «Бакешова» ЖК басқару органының қызметі жоспардан тыс тексерілді. 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 2018 жылғы 5 қазанға дейінгі кезеңде: тоқсан сайынғы есеп берулердің бар болуы, жиналыс хаттамаларының типтік үлгіге сай болуы тексерілді.

         2018 жылғы 11 қазанда өтініш иесі, үй тұрғындары, «Бакешова» ЖК төрайымы бірлесе, 1-Линейный к. 2А үйдің ортақ мүлкі комиссиялық тұрғыда тексерді. Тексеру барысында ортақ мүлікті күтіп ұстау ережесінің бұзылғаны анықталмады. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Бакешова» ЖК қатысты әкімшілік құқықбұзушылық (Қазақстан Республикасынығң әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, 5-бөлігі) туралы хаттама толтырылды,ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқау берілді.

         «Арай-7Эк» ҮИК жоспардан тыс тексеру. М.Жүсіп к. 52/2-36А пәтер меншік иесі М.А.Махамбетовтің өтініші негізінде, 2018 жылғы 19 қазаннан бастап 5 жұмыс күніне дейін «Арай-7Эк» ҮИК қызметі жоспардан тыс тексерілді. Өтініш иесі тексеруге келесі мәселелерді нұсқады: жиналыс хаттамасымен нақтыланған ортақ мүлікті күтіп ұстауға арналған шығындар сметасының, тоқсан сайынғы есеп берулердің бар болуы. «Арай-7Эк» ҮИК қатысты ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану түрінде ескерту берілді, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, 5-бөлігі). Басқару органына хаттамаларды, тіркеу парақтарын, дауыс беру парақтарын типтік үлгілерге сәйкес жүргізуге қатысты нұсқау берілді.

         «Ткешева» ЖК жоспардан тыс тексеру. «Ткешева» ЖК қызметіне М.Әуезов к. 49/3-4 пәтер меншік иесі Н.Н.Оспанованың тоқсан сайын есеп беру мәселесіндегі өтінішімен тексеру жүргізілді. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, өтініш иесіне тоқсан сайынғы есеп берулер заңмен белгіленген мерзімде тапсырыс хатпен жолданды.

         «Шакибаев» ЖК жоспардан тыс тексеру. С.Н.Залевскаяның өтінішімен «Шакибаев» ЖК-ге жиналыс хаттамаларыны типтік үлгіге лайықтылығы, ортақ мүлікті күтіп ұстаудың жалпы жиналыспен нақтыланған шығындар сметасының болуы мәселелеріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Басқару органының төрағасына тексеру бойынша бұзушылықтарды жоюға нұсқау берілді, нұсқау белгіленген мерзімде орындалды. «Шакибаев» ЖК Пшембаев к. 27 үйде ортақ мүлікті күрделі жөндеу, үйді күтіп ұстауға сметаны бекіту мәселелері бойынша типтік үлгіге сәйкес жазбаша сауалнама өткізді.

         «Трансстрой» ПИТК жоспардан тыс тексеру. С.С.Десумбаеваның өтініші негізінде басқару органының қызметі тексерілді: тоқсан сайынғы есеп берудің бар болуы, орталық жылу жүйесіндегі олқылықтардың бар болуы, жиналыстар хаттамаларының типтік үлгіге лайықтылығы. Тексеру аясында «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС өкілдерімен бірлесе, Ломоносов к. 15А үйдің ортақ мүлкі мен жылу жүйесіне комиссиялық тексеру жүргізілді. тексеру кезінде ортақ мүлікті күтіп ұстау ережесінің бұзылғаны анықталды: жертөледегі кәріз ішінара ағып тұр, инженерлік желілер сырлау мен тазалауды қажетсінеді, кірешектерде қоқыстар жатыр, жылыту бойынша жылымауға шағым болған жоқ.

         Тексеру кезінде, басқару органының мәліметі бойынша, үй қызмет көрсету құрамынан шыққанымен, берілген хаттамада жай (пәтер) меншік иелерінің қызмет көрсетуден шыққаны есепке алынбаған әрі типтік үлгіге сәйкес келмейді.

         «Трансстрой» ПИТК басқару органына қатысты нұсқау берілді, есеп берулер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, оған қоса ескерту ретінде жаза қолданылды.

         Жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарына сәйкес жүргізілді. Әрбір өтініш Құқықтық статистика және арнайы өкілетті есеп комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне қаралуға және тіркелуге жолданып отырды. Тексерілген субъектілер жоспардан тыс тексеру өткізілетіні жөнінде хабарламаны уақытылы алды, өтініш иелеріне тексерулердің нәтижесі алдын ала және қорытынды жауаптар белгіленген мерзімде берілді. Басқару органдары бұзушылықтарды жоюға қатысты нұсқауларды алды.

         Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасымен ортақ мүлікті күрделі жөндеу. Есептік кезеңде (желтоқсан айы) М.Маметова к. 71 үйде жылу жүйесін күрделі жөндеуге қатысты атқарылған жұмыстарды қабылдау, АЖП жылу алмастырғыштармен және жылу энергиясын есептеу құралдарымен орнату бойынша бір комиссия болып өтті. Бөлім мамандары «Трансстрой» ПИТК қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуі себепті комиссияға қатысқан жоқ.

         Кондоминиум объектілерін тіркеу. 2018 жылдың 4-тоқсанында төрт кондоминиум объектісін (А.Марденов к. 11, 13, 19, Сәтбаев к. 46) тіркеу жұмысы аяқталды – «Надежда-23» ҮИК басқару органы. Кондоминиум объектісін тіркеу барысында халыққа және басқару органына консультативтік көмек көрсету  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құзырына кірмейді. Кондоминиум объектілерін тіркеу жұмысы Бөлімнің бақылауында қалады.

         Екібастұз қаласы әкімінің тапсырмасын орындау. Бөлім қызметкерлері, Екібастұз қаласы әкімі мен әкім аппаратының барлық хаттамалық және ауызша тапсырмаларын адал орындап отырады, ақпарат жауапты орындаушыға құзыр бойынша уақытылы жіберіледі, жауаптар белгіленген мерзімде қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөліміне жолданады.

          Қала әкімінің тапсырмасын орындау бойынша, Бөлім есептік кезеңде пәтерішілік жылу жүйесіндегі жылу энергиясын пайдалану ережесінің бұзылуын анықтау мәніне 42 комиссиялық тексеру ұйымдастырды және өткізді.

         10 бұзушылық анықталды, барлық тұрғындарға жылу энергиясын пайдалану ережесін сақтауға қатысты ұсыныс берілді және пәтерлерді жылытуға қатысты заңды шаралар түсіндірілді. 1 меншік иесіне қатысты материалдар қаралу және құзыр бойынша шара қолдану бойынша «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау» ММ-ге жіберілді. Комиссия шешімімен жылу жүйесіне болмашы өзгертулер енгізген меншік иелері жөнінде мәліметтер «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-іге құлағдар етуге және бұзушылықтарды жоюға қатысты нұсқау беруге жіберілді. Бір меншік иесі анықталған бұзушылықтарды жойды. Пәтерішілік жылу жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтау жөніндегі комиссия жұмысы Бөлім бақылауында қалады.

         2018 жылдың 4-тоқсанында қала әкімінің тапсырмасын орындау бойынша,  жалға берілетін пәтер иелерін анықтау және оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге тартуға қатысты 12 рейд ұйымдастырылды және өткізілді (тұрғын үйлерді басқару органлдарының айтуымен 157 пәтер пысықталды). Бөлім жұмыс нәтижесі бойынша, Мемлекеттік кіріс басқармасына 86 жалға берілетін пәтер меншік иесі жөнінде мәліметті жіберді. Тапсырманың орындалуы Бөлімнің бақылауында қалады.

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау. Есептік кезеңде облыс әкімінің блогына, ресми сайтқа, Екібастұз қаласы әкімінің WhatsApp-ына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 187 өтініш қаралды. Екібастұз қаласы әкімінің қолымен өтініш бойынша 1 жауап жобасы, әкім орынбасарының қолымен 28 жауаптың жобасы әзірленді. Өтініштер келіп түсті: жеке тұлғалардан – 47, заңды тұлғалардан – 5, облыс әкімінің блогына -5, Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына – 116.

         Жылу мәселесі бойынша 122 өтініш, суық және ыстық сумен жабдықтау мәселесінде 27 өтініштен астам, күрделі жөндеу бөлігінде 4, өзге де мәселелерге қатысты 49 өтініш келіп түсті.

         128-ден астам өтініш коммуналдық қызметтер, тәуелсіз сараптамалық ұйымдар, мемлекеттік органдар, Екібастұз қаласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдері, сондай-ақ тұрғын үйлерді басқару органдары мен өтініш иелерінің қатысуымен комиссиялық тексеру өткізу арқылы қаралды.

         Есептік кезеңде өтініштерді қарау барысында құзырға сәйкес келмеуге ықпал ете алатын фактілер анықталды:

-                     қала әкімінің ресми сайтына (Кеншілер к. 15, Матросов к. 3) тұрғындардан жылумен жабдықтау мәселесінде өтініштер келіп түсті. Өтініш мазмұны бойынша басқару органымен адал және келісімді жұмысты шешуді талап етті (тік құбыр бойындағы пәтерлерде байланыс ауасы шығарылмаған, содан пәтерлердегі жылумен жабдықтау параметрлері төмендеген).

         Кеншілер к. 15 үйге «Домофон» жүйесі орнатылған, орнату үшін тұрғындармен жалпы жиналыстың Типтік үлгідегі хаттамасынсыз (2018 жылғы 13 тамыза № 2) Келісім жасалған, мұның өзі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға қарама-қайшы келеді;

-                     жеке және заңды тұлғалардың өтініштері құжаттамаларды жүргізу туралы мәліметтерден (жалпы жиналыстардың хаттамалары, дауыс беру парақтары, тіркеу парақтары) тұрады, бұлар бекітілген Типтік үлгіге сәйкес келмейді. Сәтбаев к. 8/5 үйдің меншік иелерінің үйді басқару үлгісі жөніндегі хаттамасы ресімдеу бөлігінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң талаптарымен құжаттардың қарама-қайшылығына байланысты сот шешімімен заңсыз деп танылды.   

Барлық келіп түскен өтініштерге заңмен белгіленген мерзімде жауаптар берілді, қажет болған күнде алдын ала және қорытынды жауаптар әзірленді.

4-тоқсанда басшының жеке қабылдауында 7 өтініш иесі болды, барлық өтініштер жылу мерзімінен өту және көппәтерлі тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге қатысты. Жеке қабылдауда өтініш иелеріне Екібастұздағы тұрғын үйлерді күрделі жөндеу шарттары, мүмкіндіктері мен перспективалары жөнінде түсінік берілді, оған қоса өтініштер бойынша мардымсыз жылумен жабдықтау, ыстық сумен жабдықтау параметрлерінің жоқтығы және өзге де коммуналдық мәселелер бойынша мәселелер пысықталды.

Ақпараттар мен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша БАҚ-та, интернетте жемқорлық құқықбұзушылық фактілері, Бөлім қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу жағдайлары жөнінде жарияланымдар анықталған жоқ. Есептік мерзімде сот актілері, прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижесі бойынша 2018 жылдың 4-тоқсанында жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ деген шешімге келді.

  Жұмыс тобы ұсынады:

  1. әртүрлі түсіндіруге ықпал ететін, дискрециялық нормалардың бар екені туралы ақпаратты Екібастұз қаласы әкім аппаратының мемлекеттік құқықтық бөліміне мәлімет және құзыр бойынша шара қолдануға жолдау;
  2. өтініштерді қарауда, жоспардан тыс тексерулерді жүргізуде Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын қатаң ұстану;
  3.  азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында, құзыр шегінде жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау және құзыр бойынша Қазақстан Республикасында 2015-2025 жылдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруге атсалысу;
  4. тұрғындармен жиналыстарда, халықпен және тұрғын үйлерді басқару органдарымен тұрақты жұмыс жүргізу:

-                     ортақ мүлікті күтіп ұстау, инженерлік желілерді рационалды пайдалану;

-         іс жүргізуді бекітілген Типтік үлгілерге сәйкес жүргізу.

Жұмыс тобы: 

 

С.Б. Байсельдинов

 

А.Ж. Жанатова

 

Р.К. Мусайбеков

 

А.Ш. Ахметова

 

Д.Р. Байкенов

Дата публикации
10 января 2018