Түсіндіру жұмыстары

 

2023 жылғы 1 мамырдан 16 маусымға дейінгі кезеңде Тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық газ тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 11 мамырда «Алтын ғасыр», «5 пятниц», «Түркістан», М.Әуезов к., 161 лағман, «Донер Food», «Астана», «Шайкен», «Big Bro» бизнес нысандары араланды. 25 мамырда «Барыс», «Центр плова», «qonaq» кафесі, «Эдем», «Ход бар», «Фортуна» бизнес нысандарына рейдтер жүргізілді. Тұрғындардың ынталы тобымен бірлесіп «Тоқбола», «Аура» кафелеріне мониторинг жүргізілді. Бизнес және кәсіпкерлік объектілерінің меншік иелерімен «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның талаптарын сақтау тұрғысынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар берілді.

Жыл басынан бері Екібастұз қаласының бизнес және кәсіпкерлік объектілеріне барлығы 5 рейд жүргізілді, Екібастұз қаласы бойынша 30-дан астам кәсіпкер хабардар етілді. 3 жағдайда заңнама талаптарының бұзылуы жойылды.

 

Дата публикации
17 июня 2023