Жиналыс өткізді

Екібастұз қалалық мәслихатының "АУЫЛ" ХДПП депутаттары Жақыпов Жетпісбай Қайырбекұлы, Қасыманова Лейла Төлеуқызы тұрғын үй инспекциясының мамандарымен бірлесіп Б.Момышұлы к., 67, 69, 71, 75 үйлерінің тұрғындарымен жалпы жиналыс өткізді.

Кездесуде алдағы жылыту маусымына міндетті дайындық және ортақ мүлікті күтіп ұстау мәселелері талқыланды. Әрбір тұтынушы ішкі жылумен жабдықтау жүйесін престеу, гидропневматикалық тәсілмен сынақтар жүргізу, бақылау-өлшеу аспаптарын жуу, тексеру шараларын уақытылы орындауы тиіс. Барлық тексеру бақылаушының қатысуымен өтуі керек.

Түсіндіру жиналыстары күн сайын белгіленген кестеге сәйкес өткізіледі.

Қаланың әрбір тұрғынын осы іс - шараларға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, өйткені үйді жылу қабылдауға дайындау - басқару органы мен тұрғындардың ортақ міндеті.

Көппәтерлі тұрғын үйлер жылу энергиясын пайдалану ережелерінің талаптарын 15 маусымға дейін орындау тиіс екенін еске салғым келеді!

Дата публикации
18 мая 2023