«Саял - 1» ҮИК ерекше тәртіппен тексеру туралы ақпарат

2022 жылғы 31 наурыз бен 06 сәуір аралығында «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Егемен-Сервис» ҮИК басқару органына қатысты жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары талаптарының сақталуын Ерекше тәртіппен тексерді.

         Беркімбаев к. 104/2, №1,2 кіреберіс мекенжайларда орналасқан жолаушылар лифтілері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың объектілері болып табылды.

         Ерекше тәртіппен тексеру кезінде келесі бұзушылықтар анықталды:

  • лифтінің техникалық паспортының тиісті бөлімінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті атқарушы органда есепке қою туралы жазбалар жоқ;
  • нормативтік мерзім өткеннен кейін техникалық куәландыру нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы жазбалар, актілер жоқ;
  • лифтілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындау туралы жазба сәйкес келмейді;
  • лифтіні пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі мен шарттары мақсатында нормативтік мерзімде қызмет еткен лифтілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілмеген;
  • лифтіні мақсаты бойынша одан әрі пайдаланудың, жаңғыртуды немесе ауыстырудың мүмкін мерзімін ұзарту нормалары сақталмайды;
  • лифтіні пайдалану Ережелері ілінбеген.

Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігіндегі бұзушылықтар бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасалды және нұсқау берілді:

  • пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен жиналыс өткізу және қорытындысы бойынша нормативтік мерзімді аяқтаған лифтілерге сараптама жүргізу шараларын қабылдау;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен лифтілерді жергілікті атқарушы органға есепке қою шараларын қабылдау;
  • техникалық паспорттардың тиісті бөлімінде лифтілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты адам туралы жазба жасау;
  • лифт кабинасында лифт пайдалану ережелерін орналастыру.
Дата публикации
07 июня 2022