5-13 қазан аралығында тұрғын үй инспекциясы бөлімі көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына ортақ мүлікті күтіп ұстау, көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы – мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестікті таңдау, ортақ мүлікті күрделі жөндеу және мемлекеттік бюджет шеңберінде қайтарымды негізде қатысу мәселелері жөнінде жиналыстар өткізді.
Мемлекеттік бюджет есебінен күрделі жөндеуге қатысудың негізгі шарты пәтер иелерінің көпшілігінің жазбаша келісімі болып табылады (жалпы санының 70% немесе 2/3).
Жиналыс М. Мәметова к. 67, А. Молдағұлова к. 47, А. Молдағұлова к. 48, Матросов к. 9, М. Әуезов к. 54, А.Молдағұлова к. 69, Абай к. 39, М.Әуезов к. 40 үйлердің тұрғындарымен өткізілді.
Тұрғындармен кездесу көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарымен – «Тас» ЖК, «Егемен-сервис» ҮИК, сондай-ақ, дербес үйлердің жауапты тұрғындарының бастамасымен ұйымдастырылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің барлық тұрғындарына «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның белгіленген талаптарын сақтауды, сондай-ақ, ортақ мүлікке ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды, үйлерді басқарудың жаңа формасына ауыстыруды ұсынамыз!