«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша бір жыл мерзімге конкурс жариялайды.

Көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар тұрғын үй инспекциясына конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

1) 1-қосымшаға 1-2-қосымшағасәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға өтінім ;

2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жарғы) ;

3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама;

4) штатта сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаты бар және оқытудан өткен мамандардың болуы;

5) бағалы ұсыныс.

Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде не тұрғын үй инспекциясының zhilinsekb@mail.ru электрондық поштасына ұсынылады.

заявка
Дата публикации
24 июня 2026