Меню

Страницы

Статья

Білім

Екібастұз өңіріңде орта білім беру жүйесінде 40 жалпы білім беретін мектеп, қалада 23 мектеп және ауылдық жерлерде 17 мектеп жұмыс істейді. Бұл мектептер арасынан №6, №36 мектеп лицейі, МГ №7, МГ №22, МГ №24, МГ № 26, МГ № 35 мектеп-гимназияларына жатады.

Қалада дарынды балаларға арналған үш мектеп- Зерде, №1 көпсалалы лицей және №19 арнайы мектеп жұмысын жалғастыруда. Барлығы 21875 оқушы.

Мектептері жоқ 15 елді мекенде тұратын 279 баланың оқуын қамтамасыз ету үшін 2 мектеп жанындағы интернат (Ақкөл ЖОББМ, Екібастұз ЖОББМ) жұмысын атқарады және балалаларды тасымалдау ұйымдастырылған.

Өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде 1711 педагог жұмыс істейді (2017 ж-1741). Жоғары білімді педагогтар саны 1470 немесе педагогтардың жалпы санынан 85,9% құрайды.

32 мектепте 4 пән бойынша үштілділік енгізілді (АЕТ, биология, химия, физика).COVID-19 карантиніне байланысты 4-тоқсанда оқушылар қашықтықтан білім алды.

 Балабақшалар саны қалада 28, оның ішінде 2 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Олардың ішінде 8 балабақшада статус бар: №1 «Ромашка» даму орталығы, №6 «Золотая рыбка» көптілділік орталығы, №9 «Радуга» мектепке дейінгі гимназия , №15 «Бөбек» эстетикалық даму орталығы, №18 «Гномик» дене шынықтыру-сауықтыру орталығы, №20 «Мерей» көптілділік орталығы, №21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталығы, №23 «Балауса» мектепке дейінгі балабақшасы Тіл мәртебесіне қарай балабақшалар: қазақ тілінде оқыту және тәрбиелеу-6, қазақ және орыс тілдерінде-22. Ауылды жерлерде 2 балабақша, Шідерті кентінде № 11 және №17 Солнечный кентіндегі балабақшалар жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауыл мектептерінің жанынан 17 шағын орталық жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер саны – 7833, оның ішінде шағын орталықта-262.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 887 педагог қызметкер жүзеге асырады, оның ішінде 643 (72,4%) тәрбиешілер. Тәрбиешілердің жалпы санынан " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту " мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта білімі бар 559 (87 %) педагог бар.

Дата публикации
30 августа 2020
Дата обновления
30 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
27 июня 2022
Мектептердің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің және қосымша білім беру мекемелерінің ресми веб-сайттары
Ақпарат
16 мая 2022
Референдумға шығарылған конституциялық өзгерістердің толық мәтіні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы